Мақсат:

Үздіксіз кәсіби өсу арқылы білім сапасын жүйелі түрде арттыруға, педагогтердің құзыретін заманауи талаптармен үйлестіруге және мектептің даму траекториясына нақты ықпал ететін инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруға үлес қосу.

Білімі:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті ғылымдарының магистрі.

Қызметтік тәжірибе:

№38 Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Авторлық бағдарламалар, жобалар:

  • Морфология және мәтінтану, 6-сынып;
  • Сөз сыры;
  • Тілтаным, 7-сынып;
  • Синтаксис және стилистика, 9-сынып;
  • «Дүниетаным көкжиегі» оқырмандар клубы.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

  • Іскерлік ойын технологиясы;
  • Магистрлік диссертация: Қазақ-башқұрт тіліндегі фразеологизмдердің этномәдени сабақтастығы.

Цифрлық құзыреттер:

ChatGPT, Gemini, Wordwall, Canva AI, Padlet, интерактивті тапсырмалар әзірлеу, цифрлық аналитика.

Құзыреттер:

Стратегиялық жоспарлау, педагогикалық менеджмент, зерттеу, коммуникация, инновациялық оқыту.

Ұстаным:

Ұлттық құндылықтардың танымдық мүмкіндігін заманауи білім беру ұстанымдарымен ұштастыра отырып, оқушының ойлау, құндылық және тұлғалық дамуын қолдайтын тұрақты әрі тиімді оқу ортасын қалыптастыру.

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

<strong>Кусаинова Ляззат Сериковна</strong>
Кусаинова Ляззат Сериковна№38 Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Педагог-зерттеуші